Өзбекстанның президенті ел Парламенті алдында сөз сөйледі

ТАШКЕНТ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстанның президенті Ислам Кәрімов сейсенбі күні, қаңтардың 27-сінде Парламент қос палатасының бірлескен отырысына қатысып, заң шығару органының басым міндеттерін белгіледі.

Өзбекстан басшысы өзінің сөзінде, болып өткен, қорытындысы бойынша жаңа Олий Мәжіліс құрамы жасақталған парламенттік сайлаулардың нәтижелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, ел Президенті 2009 жылдың қорытындылары бойынша экономикалық көрсеткіштерге тоқталды.

Бұған дейін хабарланғанындай, Өзбекстанда екі палатадан тұратын, жаңадан сайланған парламент жасақталған болатын.