«Наразылық акциясының жалғасуына байланысты компания мұнай өндіру көлемін жоғалтып отыр. Бүгінгі күні заңсыз ереуіл басталғалы бері жинақталған мұнай өндіру шығыны 366 мың тоннаны құрайды. Тәуліктік мұнай өндіру деңгейін қалпына келтіруге уақыт керектігін ескерсек, жыл соңында жоспардан қалып қою шамамен 800 мың тоннаны немесе ҚМГ БӨ топтастырылған өндіру көлемінің 6 пайызын құрауы мүмкін. Бұл, ең алдымен, салық төлемдерін алушы және компанияның ірі акционері болып табылатын мемлекет үшін айтарлықтай қаржы шығынына әкеп соқтырады», - делінген хабарламада.
15:00, 28 Шілде 2011
«Өзенмұнайгаз» наразылық акциясының салдарынан жыл соңында белгіленген жоспарды 800 мың тоннаға кем орындауы мүмкін
АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы заңсыз наразылық акциясының салдарынан жыл соңында белгіленген жоспарды 800 мың тоннаға кем орындауы мүмкін, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.