Бұл ретте аймақтағы көмірсутектік шикізат қорларын даярлау қарқыны өндіру серпінінен кейін қалып келеді. Бұл мұнай және газ компанияларының перспективалық дамуына бөгет болуда. Соның ішінде «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы мен «Қаражанбасмұнай» АҚ сияқты ірі компаниялар бар, делінген таратылған хабарламада.
Республикалық бюджет есебінен аймақтың минералдық-шикізаттық кешенін іздеу, барлау және барлауға дейінгі шараларды өткізу қажет, деп атап өтеді баспасөз қызметі.