Бұл туралы Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотынан хабарлады.
«Өзімен бірге тұратын ер адамды оның аузына шұлық тығып өлтірген Жаңаарқа ауданында тұратын әйелге үкім шығарылды. Әйел жалпы режімдегі түзеу колониясында 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - деді сотта.
Қайғылы оқиға өткен жылдың қыркүйек айында Жаңаарқа ауданында орын алды. 61 жастағы ер адамның мүрдесі пәтерден табылды. Сот-медициналық сараптаманың актісіне сәйкес, ол тыныс алу жолдарының бөтен затпен жабылуынан болған механикалық тұншығу салдарынан мерт болды. Полиция қызметкерлері онымен бірге тұрған 31 жастағы әйелді ұстады. Ол мойындау түсініктерін беріп, ұрыс кезінде ер адамды тыныштандыру үшін аузына шұлық салғанын айтты.