«18 қазан күні «Қарағанды Су» ЖШС бақылаушылары болып жұмыс істейтін Любовь Невиннова және Светлана Хомякова үйлерді тексеруге шыққан. Олар 9-қабаттың терезесінен секіргелі тұрған қызды байқап қалады. Екі әйел дереу сол жерге жүгіріп барып, қызды өлімнен арашалап қалған», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Қарағанды облысы ІІД бастығы 16 жастағы қызды өлімнен құтқарғаны үшін қос қарағандылық азаматшаға алғыс білдірді. Марапат ретінде оларға ҚР ІІМ таңбасы салынған сағаттарды тапсырды.