Пәкістанның Карачи қаласында жарылыс болды, құрбан болғандар бар

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Пәкістанның Карачи қаласында жарылыс болды. Алдын ала деректер бойынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер бар,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Мопедке орнатылған бомба жолаушылар автобусына сүйкенген кезде ол іске қосылған. Лаңкестік оқиғаның кімге қарсы бағытталғаны әзірге белгісіз.