Палестинада қала басшылығына тұңғыш рет әйел тағайындалды

АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Палестинада, Иордан өзенінің батыс жағалауының әкімшілік орталығы - Рамаллах қаласының губернаторлығына тұңғыш рет әйел тағайындалды,

деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Психология саласында ғылыми атағы бар Лейла Ганнам ханым бұған дейін Әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің бас директоры болған және «Ватан» Әйелдер теңдігі орталығын басқарған.