Палестиналықтар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне елдің тәуелсіздігін тану туралы үндеу жасамақ

АСТАНА.   Қарашаның   15-і.  ҚазАқпарат -  Палестиналықтар        БҰҰ  Қауіпсіздік кеңесіне  Палестина мемлекетінің  тәуелсіздігін   тану  және   оның шекарасын  анықтау  туралы   үндеу    дайындауда,

 деп хабарлады  жексенбі күні    Палестина  ұлттық әкімшілігі  басшысының  кеңесшісі Саиб  Орейкат.

Палестина тәуелсіздігін   біржақты    жария ету     туралы ниетті  ресми   өкіл, палестина басшылығының    осыдан 1  жылдай   бұрын тоқтап  қалған  Израильмен арадағы   бейбіт  келісімнің     жалғасу мүмкіндігінен   үміт    үзуімен   түсіндіріп  отыр.  

«Палестина ұлттық автономиясының басшысы Махмұд  Аббастың айтуынша,    1967 жылдың маусым  айындағы    шекара аясында    тәуелсіз Палестина мемлекетін  тану  туралы   қарармен   БҰҰ Қауіпсіздік   кеңесіне  өтініш   жасау мүмкіндігіне  ие  болу  үшін, Палестинаны азат  ету    ұйымының  Атқарушы комитеті           араб елдерінің, Еуропа, Ресей, Қытай   елдері мен  басқа да    халықаралық топтардың  қолдауына ие  болуға  талпынуда»,  деді    Орейкат   мырза журналистерге  берген сұхбатында.

Тәуелсіз Палестина мемлекетінің    шекарасы    Израиль  1967 жылы  араб көршілерімен болған  соғыстың  нәтижесінде басып алған   Иордан   өзенінің Батыс жағалауын, Газа секторы мен  Шығыс Иерусалимді     қамтитын   болады.   Ал израильдықтар болса,      өзгерген демографиялық   жағдайға  және  қауіпсіздік  мәселелеріне   сілтеп,    соғысқа дейінгі  шекараны  қалпына келтіру  мүмкін емес   деп санайды.