БҰҰ Бас хтшысы Пан Ги Мун республикаға жасаған кезекті сапарының барысында бүгін осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Associated Press.
БҰҰ Бас хатшысының пікірінше, Гаити қазіргі уақытта жаңа мектептердің, жолдар мен айлақтардың құрылыстарына, сондай-ақ аймақтарды электрлендіруге аса мұқтаж.
Пан Ги Мун сапар барысында Гаити Республикасының президенті Рене Превальмен кездесіп, зардап шеккен аралға көмек көрсету мәселелері бойынша наурыздың 31-іне жоспарланған БҰҰ конференциясын өткізу жайын талқылады.
Бұл - Пан Ги Мунның зілзала болғалы бері Гаитиге жасап отырған екінші сапары. Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 13-інде болған күші 7 балдық қуатты жер сілкінісінің салдарынан ел ордасы Порт-о -Пренс қаласы мен оның маңайындағы елдімекендер жермен-жексен болды. Апат салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша 270 адам қаза тапты.