Папуа-Жаңа Гвинея жағалауында қуатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат - Папуа-Жаңа Гвинея жағалауында күші Рихтер бағамы бойынша 6,2 балдық жер сілкінісі болды.

АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің ақпараты бойынша, жерасты дүмпулері Жаңа Ирландия аралында орналасқан Тарон қаласының оңтүстік-шығысына қарай 235 шақырым қашықтықта және 33 шақырым тереңдікте тіркелген, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Ықтимал құрбандықтар мен қираулар, сондай-ақ зілзаламен байланысты цунами қатері туралы әзірге ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ.