ОРАЛ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен БҚО бойынша монополияға қарсы инспекцияның бас маманы ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімі және 311-бабы 4-бөлімі «в» тармағына сәйкес делдал арқылы ірі көлемде пара алуға оқталғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айрылды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған қызметкер оң қорытынды беру үшін жеке кәсіпкерден 3 млн. теңге алуға әрекет жасаған кезде ұсталған болатын.
Сонымен қатар мүлкі де тәркіленетін сотталушы жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).