Омар Хегелан мен Насер Нейади 828 метрлік зәулім үйдің ұшар басынан емес, 672 метрде орналасқан платформасынан секірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Ру сайтына сілтеме жасап.
Олар осылайша, үйден секіру бойынша қазіргі әлемдік рекордты жаңартты. Жерге қарай самғау бір жарым минут уақытты алды. Ержүрек екеудің еркін құлдырауының жылдамдығы сағатына 220 шақырымға жетті.