деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жолы отызға тарта сайлаушы қабылдауда болып, талап-тілегін қанағаттандырды. Сауалдардың дені коммуналдық тұрғын-үй, сапалы ауыз су, коммуналдық төлемдер бағасының қымбаттауы, ипотекалық төлемді жеңілдету, құқық қорғау орындарындағы заңсыздықтар, сот шешімімен келіспеу, зейнетақыны есептеудегі оралымсыздық, ауылдың тұрмыс тауқыметі жайында өрбіген. Мәжіліс депутаты өз кезегінде солардың бірқатарын жергілікті жерде шешуге жәрдемдесіп, енді бір тобын өз бақылауына алатынын білдірді.