Қазақстан мен Жапония арасындағы осы келісім еліміздің көліктік әлеуетін дамытуға бағытталып отыр. Бұл қадам халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын едәуір арттырып, Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі бюджеттерінің кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Екі ел үкіметтері арасындағы келісім аясында Тараз-Қордай жол учаскесі шеңберінде Жамбыл облысының аумағы бойынша өтетін ұзақтығы 20 шақырым дәліз учаскесін 1 техникалық санатқа көшіре отырып, қайта жаңарту көзделеді.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.