НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтуде. Онда ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебі қаралады, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Айта кетерлігі, дәстүр бойынша алдымен ҚР Конституциялық Кеңес төрағасы Қайрат Мәмидің «Қазақстандағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» баяндамасы жарияланды.
Бұдан соң Үкімет есебі мен оған Есеп комитетінің қорытындысы қаралып, талқыланатын болады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.