«Қазақстан бойынша парниктік газдар шығарындысының 86 пайызы көмір генерациясына тиесілі. Осы мәселеде көмір генерациясы шығарындылар тұрғысында экономиканың өзге секторларымен бәсекелеспейді. Квоталарды сатуды енгізуге қатысты біз болжамды есептеулерді жасадық, осы ретте барлық көмір генерацияларында квота жетіспейді. Егер квоталармен сауданы енгізсе, олар квотаны биржада сатып алуы тиіс. Бұл тұрғыда біз ең төменгі нарықтық бағамен есептеулер жасадық, егер де стансалар өздерінің жетіспейтін квоталарын сатып алатын болса, онда ең кішкентай станса жылына 100 млн. теңге төлеуі тиіс. Көмір стансасының қуатына қарай осы көрсеткіш жылына 686 миллионға дейін жетеді. Әрине, стансалар оны сатып алуға қауқарсыз. Бұдан айыппұл санкциялары туындайды. 9 стансаға жетіспейтін квоталарды сатып алу үшін қажеттілік орташа алғанда 3 млрд. теңгені құрайды. Егер сатып алмаса, онда айыппұл түрінде жауапкершілік болады. Жалпы алғанда, осы орташа стансалар үшін қажеттілік 27 млрд. теңгені қамтып отыр»,-деді Оразалинов.
Осы орайда ол көмір электр стансаларына салынған айыппұлдар тарифтерге айтарлықтай ықпал ететінін атап өтті. Дегенмен де, парниктік газдар шығарындысын төмендетуді қарастыратын Париж келісімін орында керек болады.
Бұдан бөлек, ол 2030 жылға дейін көмір генерациясы белсенді пайдаланылатынын жеткізді.
Ш. Оразалиновтың айтуынша, Атом электр стансасы жергілікті жерде электр энергиясымен қамтасыз ету проблемасын шешуге септігін тигізеді, бұл тұрғыда Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесімен байланыспаған батыс өңірлерді тұрақты қамтамасыз ете алады.