Апат салдарынан бір адам жоғалып отыр, экипаждың қалған үш мүшесі құтқарылды. Әскери қолбасшылықтың ресми мәлімдемесіне сүйенсек, ұшақ басқару жүйесінде орын алған ақаудың салдарынан құлаған. Қазір апат аумағында іздеу-құтқару шаралары жалғасуда, деп хабарлайды РБК агенттігі.
E-2 Hawkeye - кеме палубасынан ұшырылатын, қашықтықтан радиолокация жүргізетін ұшақ. Ол «Дуайт Эейзенхаур» авианосец кемесінің ұшатын командалық қосыны ретінде пайдаланылып келген.