Сот алды тергеу барысында анықталғандай, аңшылықтан соң зардап шегуші қаруды жинау кезінде абайсызда оқ атылып кеткен. Оның азаматтық қаруды ұстауға, сақтауға, пайдалануға рұқсаты, аң аулауға жолдамасы болған.
«Тексеру жалғасуда, соның барысында болған оқиғаның мән-жайы анықталады», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын денсаулық басқармасының бастығы санавиациямен Астанаға ауруханаға жеткізілгені хабарланған.