Алтын жалатылған қасықтар, пышақтар мен тәтті және жеміс салуға арналған шағын ыдыстар газетке оралып, шүберек түйіншекке салып қойылған жерінен табылған.
«Мүмкін, бұл бұйымдардың иесі осыдан 85 жылдай бұрын, сонау дүрбелең заманда жасырып қойған болар, немесе оны ұрлаған ұры жасырған жеріне қайтып орала алмаған болар, кім білсін», -дейді Благовещенский кафедральды соборының бастығы, игумен Амфилохий.
Бұйымдар өткен ғасырдың бас кезінде шетелдік шебердің қолынан шыққан деп пайымдалып отырған оған пышақтың сабындағы латын әріптерімен жазылған вензельдер айғақ.
Табылған олжа шіркеу мұражайына қойылады немесе зерттеуге өлкетанушыларға беріледі.