Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінің студенттері Қытай Жаңа жылын қарсы алды

ПАВЛОДАР. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінде Қытай Жаңа жылы атап өтілді, деп хабарлады оқу орнының лингводидактика және мәдениетаралық коммуникациялар кафедрасынан.

Қытай Жаңа жылы - Чунь цзе (Көктем мерекесі) - 2 мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келеді. Бұл мереке Ай күнтізбесі бойынша қаңтардың 12-сі мен ақпанның 19-ы аралығында атап өтіледі.

Қытайдың дәстүрлі ұлттық киімдерін киген студенттер қытай тілі мен мәдениеті бойынша білімдерін ортаға салды. №25 мектептің оқушылары болашақ лингвистермен бірлесіп, қытай әндерін орындады, билерін биледі, көрермендерді жаңажылдық халықтық ойындармен таныстырды. Сондай-ақ, жиналған қауымның арасында «Қытай туралы» викторина ұйымдастырылды. Қытай Жаңа жыл мерекесін жыл сайын атап өту туралы ұсыныстар айтылды.