Бұл көрме Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Осыған байланысты суретшілер өздерінің 60 көркем шығармасын ұсынған.
Атақты және өзіндік қолтаңбасы бар Өсербай Шүренов, Ғалым Қаржасов, Ануар Игембаев пен Валерий Приходько өз шығармаларында еліміздің тарихи оқиғаларын бейнелеген.
Өткізіліп отырған осы көрме Павлодар қаласындағы ҚР Көркемсурет Академиясының филиалы өңірдің мәдени өмірі үшін маңызды институтқа айналды. Суретшілердің, тарихшылардың, сондай-ақ археологтардың жұмысы туған өлкеміздің өткенінен сыр шертеді.