Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, гранаталар қыркүйектің 27-сі күні «Оңтүстік» бағбандығындағы автобус аялдамасы маңынан табылды.
Төтенше жағдайды жоюға шұғыл әрекет ету қызметтерінің 13 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды, оның ішінде 5 адам мен 2 техника Павлодар облысы бойынша ТЖД-ның жеке құрамы.
ТЖМ-нен анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жүргізілген арнайы іс-шаралардан кейін гранаталар оқу мақсатындағы құрал екендігі анықталды. Оларды Ішкі істер бөлімшесінің қызметкерлері алып, жойылды.