деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тексеру кезінде оның қалтасынан 9 грамм героин және 31 грамм гашиш табылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің тергеу бөлімі түзету мекемесінің 26 жастағы басшы қызметкеріне сотталғандардың арасында есірткі таратумен айналысқан деген күдік келтіруде. Анықталғандай, оның өзі де нашақор болып шыққан. Күдікті уақытша оқшаулау абақтысына жабылды, тергеу жүргізілуде.