Мұнда ауруханалар мен емханалардың, селолық дәрігерлік амбулаториялар мен акушерлік қосындардың болашақ 900 қызметкері білім алуда.
Оқу орнының бейсенбі күні аталып өткен туған күнінде оның әр жылдардағы түлектері бас қосты. Колледж қызметкерлері мен оның түлектерін мерейтойларымен Павлодар облысы әкімінің орынбасары Рысты Жұмабекова құттықтады.
Медициналық колледжді ұзақ жылдар бойы басқарып келе жатқан тәжірибелі басшы Әлия Сабырханова: «сұранысқа ие мамандарды дайындауға медициналық мекемелермен арадағы қарым-қатынастар мен жақсы материалдық-техникалық база көмектесіп отырғанын» атап көрсетті.