ПМУ ректоры Серік Өмірбаевтың сөзіне қарағанда, бұл ЖОО-ның белгілі бір жетістіктерін әлемдік қауымның мойындауы, оның дамуының айғағы және білім беру саласындағы аймақтық көшбасшы мәртебесінің дәлелі.
ЕУҚ - Еуропадағы жоғары оқу орындары қауымдастығының бас өкілі, оған 46 мемлекеттің жоғары оқу орындары кіреді.
Еуропалық уни верситеттер қауымдастығының басты миссияларының бірі әрбір ЖОО-ның дамуына және жалпы оқу үрдісіне ықпал ету. ЕУҚ Болон үдерісіндегі университеттік сектордың ресми өкілі ретінде көптеген жұмыс топтары мен кеңестік ұйымдардың жұмысына қатысады.