ұсақ сүтқоректі жануарлар фаунасының алуантүрлілігі және олардың эволюциялық даму жолдарын заманауи цитогенетикалық әдістемелермен зерттеу мақсатында экспедицияға аттанды, деп хабарлады ПМУ-нің баспасөз қызметінен.
Ғалымдардың бағдары Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының аумағы, Зайсан қазаншұңқыры және Балқаш көлінің солтүстік жағалауы арқылы өтеді.
Осыған ұқсас алғашқы зерттеулер 2008 жылы өткізілген болатын, жиналған материалдарының негізінде ПМУ ғалымдары ҚР БҒМ Ғылым комитетіне ұсыныстарын дайындады.
Экспедиция 2012 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.