Еуропалық білім беру үдерісі салаларында университетті таныстыратын профессор Айнаш Кұдышева және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор Зулейха Марданова. Дәрістер ағылшын тілінде оқитын студенттерге арналған.
А.Құдышева Толедо қаласында орналасқан Кастилия-Ла-Манча университетінде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мәселелері туралы дәріс оқыды. З. Марданова Сьюдад-Реаль қаласының университетінде «Орталық Азиядағы көші-қон процестері» атты бейінді пәні бойынша өз тәжірибесімен бөлісті (Испания).
«Erasmus » бағдарламасы білім беру және оқыту жүйелерінің дамуына бағытталған, - деп атап өтті академиялық ұтқырлық орталығының басшысы Құндыз Мұқатаева. - Бағдарлама ПМУ-да 2015 жылдан бері жүзеге асуда және бүгінде біздің оқытушылар серіктес университеттерде өз тәжірибелерімен бөлісуде, павлодарлық студенттердің шетелде тегін оқып, шәкіртақы алуына мүмкіндіктер ашылды».