ПМУ Жастар ісі жөніндегі комитеті № 6 ықшам ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға және жалғыз тұратын зейнеткерлерге тұрмыстық көмек көрсетті. Жас балалар мен қыздар пәтерлерді жинауға көмектесіп, сыйлықтар сыйлап, қарттармен әңгімелесті.
«Қамкорлық» айын өткізудің басты мақсаты - қарт адамдарға қамқорлық жасау, мемлекеттің дамуына сіңірген еңбегі және қосқан үлесін қадірлеу белгісі ретінде қарияларға құрмет көрсету», деп атап айтты ЖОО тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Қайырбай Әшенов.
№ 6 ықшам ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбжан Шахматалинов ПМУ студенттері мен белсенділеріне қарттарға көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.