«Жаңғырту жобасы дайын. Оны бүгiнгi күннiң жағдайына байланысты өзгертуде. Жер қазу, қазық қағу, бұрғылау жұмыстары зауытта басталып кеткен. «Rompetrol» жағынан бас мердiгер анықталды - ол Romservice, «ҚазМұнайГаз» компаниясының меншiгiне енген компаниялардың бiрi. Менiңше, келесi жылы жаңғыртудың белсендi кезеңi келесi жылы басталады», - деп атап өттi өңiр басшысы.
Әкiм сонымен бiрге зауытта орын алған апат туралы да сөз қозғады.
«Соңғы апатқа қатысты жөндеу жұмыстары мерзiм бойынша аяқталады. Аз ғана қалды, шамамен 10 пайызы. Мұнай өңдеу көлемi жоспарлы деңгейде болады. Желтоқсан айында жанар-жағармай көлемi 520 мың тонна болады деп жоспарлануда», - деп түйдi ойын Қ. Бозымбаев.