Діндарлармен бірге айт намазына Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен қала әкімі Бақытжан Жоламанов қатысты. Айт намазын мешіттің наиб имамы Жұмабай қожа оқыды. Жиналғандар алдында сөз алған Б.Сағынтаев: «Құрбан айт мұсылмандардың ерекше мейрамы, мен облыстың барлық тұрғындарын құттықтаймын. Діни айырмашылықтарымызға және экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, ел алға басып келеді, біз келісім мен достықта өмір сүріп отырмыз», - деді.
Мешітте қайырымдылық ас берілді.