Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 21 млн теңгеден астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны тиімсіз пайдалану фактілері анықталды.
Атап айтқанда, Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген.
Павлодар емханаларының біріне «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді.
Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған.
Қарсы тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды.
«Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды, кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылды,-делінген Павлодар облысының прокуратурасытаратқан мәліметтерде.