Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Ж. Шұғаев 1960 жылы дүниеге келген, Павлодар облысының тумасы. Білімі жоғары. 1983 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша тәмамдады.
Өзінің еңбек жолын 1983 жылы «Маяк» кеңшарының агрономы ретінде бастады.
2009 жылдан бері Железин ауданы әкімінің қызметін атқарып келді.