Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Дарлек» анықтама қызметін таныстырды

ПАВЛОДАР. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дәріхана, медицина және көтерме фармацевтикалық фирмалар үшін «Дарлек» анықтама қызметі Павлодар облысында қызмет ете бастады,

деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Оның ашылуына 90 адам қатысты - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, «Фармстандарт» ЖШС мен өңірдің медициналық мекемелері. Барлық келушілерге арнайы буклеттер және apteka.kz сайтымен жұмыс істеу үшін қажетті ақпараттық материалдар таратылды. Ол дәріхана ұйымдарының қызметкерлеріне консультативті-техникалық көмек көрсетеді.

Облыс тұрғындары үшін тегін анықтама телефоны қызмет көрсетеді - 65-05-02.