Экспозицияға 200-ден астам кітап, фотоальбомдар, энциклопедиялар, анықтамалар мен мерзімді баспасөз қойылған.
Көрменің бөлімдеріне облыстың тарихы, экономикасы, ауыл шаруашылығы, ғылым мен мәдениет салалары бойынша, Павлодардың әйгілі тұлғалары жөнінде басылымдар қойылған.
Павлодарлық авторлардың деректі очерктері, көркем проза шығармалары және поэзияға арқау болған стендтер келушілердің қызығушылығын тудыруда.