деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
«Судьялар үшін жұмыс қосылды, қаралған істердің жартысынан көбі - азаматтық талаптар. Екібастұз қалалық сотында бір судья айына орташа алғанда 140 азаматтық істі қарайды. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі, ол анықталған нормативтен алты еседей жоғары. Бұл ретте істерді қараудың процессуалдық мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ», - деп атап өтті Ә.Қаженов.
Облыстық сот қызметкерлерінің жұмыс жағдайлары жақсарды. Ғимараттағы жөндеу жұмыстарының арқасында отырыс өтетін сегіз қосымша зал ашылды. Енді облыстық сотта 13 зал, үлкен конференц-зал және судьяларға арналған оқу сыныптары бар.