Павлодар облысы бойынша автокөлік қозғалысына қойылған шектеулер алынды

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Сағат 15:12-дегі жағдай бойынша Павлодар облысында барлық бағыттарда шектеу алынып тасталды.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.