Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының аналитикалық ақпарат орталығы жаңа веб-порталын іске қосты

None
ПАВЛОДАР. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының аналитикалық ақпарат орталығы жаңа www.aimak-ainasy.kz. веб-порталын іске қосты.

«Біздің ғаламтордағы беттерімізде тұтынушылар Павлодар облысы туралы ең соңғы және қызықты ақпараттарды, атап айтқанда аймақтың табиғат ресурстары, оның қуатты өнеркәсіптік жағдайы, әлеуметтік сала, мәдениет, білім беру, ғылым және жергілікті мемлекеттік басқармалардың қызметі туралы біле алады», - деп хабарлайды басшылық.

Жаңа порталда әлемнің, елдің және облыстың жаңалықтары беріледі, сонымен қатар «Басқарма үйі» арқылы аймақтағы барлық департаменттер мен үш облыстық газеттің электронды нұсқасын көруге болады.