Оның ішінде 4635 оқушыға демеушілер 13717,3 мың теңге бөлген. Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, шараға өңірдегі ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары, білім беру орындары және басқа да мекеме-ұйымдар белсенді атсалысқан. - Мектеп жасындағы қараусыз және қадағалаусыз қалған, біліммен қамтылмаған оқушылардың мектепке келмеу себебін анықтау және есепке алу мақсатында 6220 рейд ұйымдастырылып, 1000-ға жуық отбасы тексерілді. Ауыр сырқатқа шалдыққан жеткіншек Әсем Ахметжановаға қайырымдылық концерттен түскен 500 мың теңге табысталды, - дейді басқарманың маманы Балжан Әділханова. Еске сала кетейік, 2016 жылы 10 қаңтар -10 ақпан аралығында ұйымдастырылған республикалық акция аясында 10 мыңға жуық балаға 27 млн теңгеге көмек көрсету жоспарланған болатын, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
00:35, 17 Ақпан 2016
Павлодар облысында 10237 оқушыға 32684,8 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында 10237 оқушыға жалпы сомасы 32684,8 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.