Бейсенбі, 9 тамыз күні Павлодар облысындағы Қызылқақ ауылдық округінің аумағында дала өрті орын алды. Жалын тілі 9 мың гектар жерді шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Қызылқақ ауылдық округінің ерікті өрт сөндірушілер құрылымындағы 30 адам мен 4 техника жұмылдырылды.