Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, 19 жастағы жігіт өзінің пәтеріне шатыр арқылы кірмек болған, алайда сегізінші қабаттан құлап кеткен. Сот-медициналық сараптама белгіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Шербақты ауданының Қосқұдық ауылы маңында күзет вагонынан шаруа қожалығының 52 жастағы жұмысшысының күйік шалған мәйіті табылды.
Белгілі болғандай, вагоннан өрт шығып, газ баллоны жарылған. Өрттің себебі анықталуда, сараптама белгіленді.