Павлодар облысында алаяқтыққа байланысты қылмыстар көбейіп отыр

ПАВЛОДАР. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының аумағында өткен жылы алаяқтыққа байланысты қылмыстар саны 26,8 пайызға артып, 814 оқиғаны құрады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Полицейлер қылмыстың осы түріне маманданған бірнеше топты анықтап отыр. Бірінші кезекте, нарық бағасынан арзан бағамен пәтер алғысы келетін адамдар көп алданады екен. Олар үйдің неліктен арзан екенін ойламайды да, нәтижесінде ақшасыз да, баспанасыз да қалады. Алаяқтықтың тағы бір кең тараған түрі ? ақша қаражатын қарызға беру. 2008 жылы полицияда 650 мың теңге сомаға қасақана алдау фактілері бойынша азаматтардың 50 арызы тіркелген. Алаяқтар әдетте таныстарына қарызға ақша сұрайды, ол үшін банктен несие ресімдеуді өтінеді. Бірінші алған несиені олар уақытында қайтарғандықтан, таныстары олардың сөздеріне сеніп, тағы да несие алып береді. Бірақ, бұл жолғы заем қомақтылау болады және алаяқтар іздерін жасырады.