Ресеймен шекаралас төрт ауданға, Новосібір, Омбы облыстарына және Алтай өлкесіне баратын жолдар бақылауға алынды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Операция барысында есірткінің заңсыз айналымымен байланысты 11 қылмыс анықталды, оның алтауы - есірткі сату фактісі. 142 грамм тыйым салынған еліткіш заттар тәркіленді. Есірткімен байланысты қылмыстар үшін 27 адам жауапқа тартылды.