Оның жұмысына ҚР Парламент Сенатының депутаты Ғарифолла Есім, аудан басшысы Айзада Құрманова мен «Заманауи әлеуметтік технологиялар» қоғамдық қорының (Астана) үйлестірушісі Глеб Бахмутов қатысты.
Төртінші жыл қатарынан облыстағы ауылдық жастар ұйымдарының көшбасшылары тәжірибе алмасып, проблемаларын талқылау және олардың шешімдерін бірігіп табу үшін жиналады.
Павлодар ауданының «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанат Сарбасов пен Лебяжі ауданындағы «Ел үміті» жастардың қоғамдық ұйымының төрағасы Аян Сейітқазин форумда «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының орындалуы туралы баяндама жасады.
Павлодардың Кенжекөл селолық округінің «Жасыл Ел» жасағының командирі Жұлдыз Малдыбаева бозбалалар мен бойжеткендердің қоғамдық өмірге, аймақ ауылдарын көгалдандыру және абаттандыруға белсенді араласатындары жайында баяндады.
Павлодар облысында жастар тұрғындардың жалпы санының үштен бір бөлігін құрайды. Жыл сайын мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың қаржыландырылуы өсуде.