Павлодар облысында білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ПАВЛОДАР. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Бақыт Бейсейітова білім басқармасының басшысы болып тағайындалды,

деп хабарлады аймақ әкімінің баспасөз қызметінен.

Б.Бейсейітова 1959 жылы Семей облысында туған. Павлодар педагогикалық институтын және Павлодар университетін бітірген, орта мектептің математика пәнінің мұғалімі және экономист-менеджер мамандықтарын алған. Педагогика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 1980 жылы Семейдің комсомол комитетінде сектор меңгерушісі болып бастаған. 1981-1998 жылдары Семей мен Павлодардың білім беру жүйесінде жұмыс істеген. 1998-2003 жылдар аралығында - Павлодардың мектепке дейінгі дайындық мекемелері басқармасының бастығы, қалалық білім басқармасының бастығы болған. Ал 2003-2005 жылдары Павлодар университетінде проректор болған. 2005 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін - Павлодарды білім бөлімін басқарып келген.