Павлодар облысында бір жол учаскесі жабық, ШҚО-да жолдар ашылды

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Сағат 12:47-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына орай (қар, боран және жолдың нашар көрінуі) Павлодар облысында Астана - Ерементау - Шідерті автожолының Ақмола облысының шекарасы - Шідерті (205-259 км) учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сағат 12:57-дегі жағдай бойынша Шығыс - Қазақстан облысында барлық бағыттарда шектеу алынып тасталды.