Павлодар облысы аймақтар арасында электр қуатының өндірілуі бойынша бірінші орында - жалпыреспубликалық өнімнің 45,3 пайызды құрайды. Екінші орында - Қарағанды облысы (13,2 пайыз), Шығыс Қазақстан облысы (8,6 пайыз) үшінші орында.
Облыс ішінде электр қуаты көбінесе өндірістік нысандарға бағытталады - 92,2 пайыз, тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктеріне 3,1 пайызы пайдаланылады.
Облыстан тыс жерлерге 18,8 млрд. кВт/сағ. электр қуаты, ал республикадан шетке - 1,3 млрд. кВт/сағат электр энергиясы жіберілді.