09:32, 14 Сәуір 2009
Павлодар облысында Қаныш Сәтбаевтың 110 жылдығы атап өтілді
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарлықтар атақты жерлестері, танымал ғалым, Қазақстанның Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың 110 жылдығын кеңінен атап өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Шаңырақ» халық шығармашылығы үйінде күйшілер мен ансамбльдердің орындауында академиктің сүйікті әндері мен күйлері орындалды. Қазақстанның аймақтарына жасаған экспедициялары барысында Қаныш Имантайұлы халық әндерін жинап, бұрын естілмеген әндердің сөздері мен ноталарын жазып алатын, сол материалдардың 25-і қазір музыка зерттеуші, этнограф А.Затаевичтің мұрағатында сақталуда. П.Васильев атындағы Павлодар кітапханасында өткен кеште Қ.Сәтбаев атындағы қоғамдық қордың төрағасы Оралбек Қожанов жастарға ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі туралы әңгімелеп берді. Қазақстан геологиясының ардагері Бақыт Сағындықов академик туралы өзінің естеліктерімен бөлісті. Қалалық және ауылдық кітапханаларда атақты жерлестеріне арналған кітап көрмелері ашылды. Павлодар ауданында «Жалынды патриот, көрнекті тұлға» тақырыбында балалар суреттері мен шығармаларының байқауы өткізілді.