Павлодар облысында қоныс-колониядағы сотталғандар жол құрылысына тартылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Шідерті кентіндегі қоныс -колониядағы 20-ға жуық сотталушы «Жол жұмысшысы» мамандығы бойынша сертификаттар алды, деп хабарлады осы өңірдің қылмыстық- атқару жүйесі департаментінен.

«Жол жұмысшысы» мамандығы бойынша диплом тапсыру рәсімінде АП-162/10 мекемесінің басшысы Мәди Шайдуллин және Экібастұз қаласы прокурорының орынбасары Марат Әлкенов сотталғандардың жұмысшы мамандығын алуының және еңбекке араласуының маңыздылығын атап өтті. Бұл арада жалпы сертификат алған сотталушылардың 10-ы бүгінгі таңда жұмысқа орналасқандығын атап өткен жөн.