ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 24 қараша күні, кешкі сағат 6 шамасында Павлодар облысының Жаңа-Черноярка ауылындағы төрт қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт тұтанды.
Жалынмен күреске жұмылдырылған ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы оны үш сағатқа жуық уақытта ауыздықтады.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар 1986 жылы туған азаматшаның денесін тапты. Газ иісіне уланған 4 және 2 жасар екі сәби ауруханаға жеткізілді.
Тұрғын үйден 17 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Тілсіз жаудың шарпыған жалпы аумағы 48 шаршы метрді құрады.