Павлодар облысында күйдірілген анодтар өндіретін зауыттың құрылысы салынып жатыр

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Индустрияландыру бағдарламасы бойынша Павлодар облысында күйдірілген анодтар өндіретін зауыттың құрылысы салынып жатыр.

Бұл нысан «Қазақстан электролиз зауытының» бастапқы алюминий өндірісіндегі қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды  рm.kz сайты.

Жылдық қуаты 136 мың тонна өнімді құрайтын бұл жоба «Қазақстан электролиз зауытындағы» алюминий өндірісінің өзіндік құнын арзандатуға және бастапқы алюминий өндірісіндегі қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы құны 36,1 млрд. теңгені құрайды, 470 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның құрылысы 2012 жылдың желтоқсан айында аяқталады.  Мұндағы өндіріс технологиясы барлық экологиялық талаптарға сай.

Айта кету керек, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ Қазақстандағы бастапқы алюминий өндіруші алғашқы зауыт болып табылады.